Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы  № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

«ведомстволардың функцияларында:»:

4) және 5) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау,әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;

5) в установленном законодательством порядке разработка и утверждение списка проведения профилактического контроля и надзора с посещением управлений образования местных исполнительных органов, организаций образования, науки, организаций здравоохранения и социальной защиты населения для детей-сирот и оставшихся без попечения родителей;»;

6), 12), 36), 49), 50), 56), 67) және 74) тармақшалары алып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                   Б. Сағынтаев


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

2018 жылғы 24 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Талап етпейді

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Талап етпейді

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Қолданыстағы заңнамаға заңнамаға сәйкестендіру

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» қаулысы (Қазақстан Республика-сының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат)

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Қажет етпейді

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Қажет етпейді

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Жоқ

10

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Рұқсат беріледі

11.*

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz(link is external)); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің (www.bala-kkk.kz) сайттарда орналасқан

12.**

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz(link is external)); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің (www.bala-kkk.kz) сайттарда орналасқан

13.**

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Жоқ

14.***

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Қажет етпейді

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                                       Е. Сағадиев

2018 жылғы «    » __________


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте

№ п/п

Нормативті құқықтық актінің құрылымы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

НҚА-ге сілтеме

1

2

3

4

5

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» қаулысы

1

16 тармақтың 4) тармақшасы

ведомстволардың функциялары

4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау,әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;

ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 137 бабы мен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 802 бабына

2

16 тармақтың 5) тармақшасы

ведомстволардың функциялары

5) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру және ғылым ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;

5) в установленном законодательством порядке разработка и утверждение списка проведения профилактического контроля и надзора с посещением управлений образования местных исполнительных органов, организаций образования, науки, организаций здравоохранения и социальной защиты населения для детей-сирот и оставшихся без попечения родителей;

ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 141 бабы мен ҚР «ҚР балалар құқықтары туралы» Заңының 52 бабына сәйкес

3

16 тармақтың 6) тармақшасы

ведомстволардың функциялары

6) тексерілетін субъектілерді тексерулер санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізу;

алынып тасталсын

ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 142 бабы алынып тасталуына байланысты

4

16 тармақтың 12) тармақшасы

ведомстволардың функциялары

12) тиісті құжаттарды бере отырып, шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асыру;

алынып тасталсын

Прафилактикалық бақылауды енгізуге және ішінара тексеру нысандарын алып тастауға байланысты

5

16 тармақтың 36) тармақшасы

ведомстволардың функциялары

36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижелердің, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық өнiмнiң берiлуін бақылауды жүзеге асыру;

алынып тасталсын

В связи с введением Прафилактикалық бақылауды енгізуге және ішінара тексеру нысандарын алып тастауға байланысты

6

16 тармақтың 49) тармақшасы

ведомстволардың функциялары

49) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды, балаларды мектепке тасымалдауды, олардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

алынып тасталсын

Прафилактикалық бақылауды енгізуге және ішінара тексеру нысандарын алып тастауға байланысты

7

16 тармақтың 50) тармақшасы

ведомстволардың функциялары

50) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;

алынып тасталсын

Прафилактикалық бақылауды енгізуге және ішінара тексеру нысандарын алып тастауға байланысты

8

16 тармақтың 56) тармақшасы

ведомстволардың функциялары

56) кәмелетке толмағандардың Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ұсталуын үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;

алынып тасталсын

Прафилактикалық бақылауды енгізуге және ішінара тексеру нысандарын алып тастауға байланысты

9

16 тармақтың 67) тармақшасы

ведомстволардың функциялары

67) жеткізушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауын бақылауды жүзеге асыру;

алынып тасталсын

Прафилактикалық бақылауды енгізуге және ішінара тексеру нысандарын алып тастауға байланысты

10

16 тармақтың 74) тармақшасы

ведомстволардың функциялары

74) білімі және (немесе) біліктілігі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуын бақылауды жүргізу;

алынып тасталсын

Прафилактикалық бақылауды енгізуге және ішінара тексеру нысандарын алып тастауға байланысты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі                                                                           Б. Асылова

2018 жылғы «__»__________

Тізіміне оралу