Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 487-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:
5 тармақтың 3 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалардағы 5-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және қорғаншылық (қамқоршылықтағы), патронаттағы және баланы қабылдайтын отбасыдағы тұлғалар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебінен республикалық және жергілікті бюджет есебінен тегін ыстық тамақтану құқына ие.»;
6 тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) тағайындау туралы жергілікті атқару органдардың шешімі, патронаттық тәрбие немесе баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттардың көшірмелері;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлерінде:
6-қосымшаға ескертпені мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе: Жоғарыда аталған киімдер және аяқ киімдер тізбесімен қамкоршылықтағы (қорғаншылықтағы), патронаттағы және баланы қабылдайтын отбасыдағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтамасыз.»;
8-қосымшаның тақырыбын мынадай редакцияда жазылсын:
«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектерді және бала кезінен мүгедектерді, мүгедек балаларды, көп балалы отбасынан шыққан балаларды, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттағы және баланы қабылдайтын отбасыдағы балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балаларын, кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары».  
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                        Б. Сағынтаев

Тізіміне оралу