Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталықтары қызметінің Үлгі Ережесі

1. Негізгі ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарының түрлерін және номенклатура типтерін бекіту туралы» 2013 жылғы 22 ақпандағы №50,   «Білім беру саласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 қаңтардағы №17 бұйрықтарына сәйкес әзірленді және балаларды қолдау Орталығы (одан әрі-Орталық) қызметінің тәртібін анықтайды.
2. Осы Ережеде келесідей негізгі ұғымдар қоланылады: 
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер – қоғам өміріне бірдей қатысу, оларға басқа азаматтармен тең мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталған және тұлғаға (отбасына) өмірдің қиын жағдайынан туындаған әлеуметтік мәселелерді еңсеру үшін қамтамасыз етілетін кешенді қызмет;
2) өмірдің қиын жағдайы- Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 6 бабымен танылған, адамның тіршілік әрекетін объективті бұзатын, ол өз-бетінше жеке дара еңсере алмайтын негіздер бойынша жағдай;
3) баланың заңды өкілдері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, балаға тәрбие және білім беруді, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, ата-аналар (ата-ана),  бала (қыз) асырап алушылар (бала (қыз) асырап алушы), қорғаншы немесе қамқоршы, қабылдаушы ата-аналар (қабылдаушы ата-ана), патронаттық тәрбиеші және олардың орнын алмастыратын  тұлғалар;

2.Орталық қызметінің мәні, мақсаттары мен міндеттері

3. Орталық – өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға  арнайы әлеуметтік көмек кешенін көрсету үшін құрылатын ұйым.
4. Орталықтар мемлекеттік және жеке секторда құрылады.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға тұрақты немесе уақытша тұрғынжай қамтамасыз етіле отырып, күндіз болу жағдайында, сондай-ақ ақпараттық, консультациялық, делдалдық қызметтерді ұсыну арқылы көрсетіледі.
7. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік секторда көрсететін Орталық арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен ұсынады, коммерциялық емес заңды тұлға ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік коммуналдық мекемесі болып табылады.
8. Орталық заңды тұлға болып табылады, өзінің оқшауланған мүлкі, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте есепшоты бар.
9. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік секторда көрсететін Орталық қайта құрылған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының базасында құрылады.
10. Мемлекеттік секторда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін Орталықтардың штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысымен бекітілген, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.
11. Орталық өз қызметін кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссияларымен, білім беру ұйымдарымен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарымен тығыз байланыста жүзеге асырады. 
12. Орталықтың негізгі мақсаты әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық қызметтерді көрсету арқылы  отбасы мен балалардың әлеуметтік әл-ауқаты көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.
13.Орталықтың негізгі мақсаттары:
1) Отбасылардың өмірдің қиын жағдайын еңсеруіне жағдай жасау;
2) Өмірдің қиын жағдайына душар болған балаларды арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемімен қамтамасыз ету;
14. Орталық мақсаттары мен міндеттерге қол жеткізу үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) өмірдің қиын жағдайына душар болған балаларды қабылдауды, асырап бағуды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету;
2) өмірлік қиын жағдайды еңсеру бойынша отбасы мен баланы оңалтудың  жеке жоспарларын әзірлеу;
3) тәрбиеленушілерді білікті медициналық көмекпен, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және сауықтырумен қамтамасыз ету;
4) әлеуметтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша балаларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) кеңес беру;
5) Орталыққа жүгінген отбасылар мен балалардың әлеуметтік қолайсыздығы себептерін анықтау және талдау, оларды есепке алу;
6) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің шарттары мен көлемін және қажеттілікті анықтау;
7) отбасына өмірлік қиын жағдайды еңсеру бойынша өз мүмкіндіктерін іске асыруға көмек көрсету;
8) телефон арқылы жедел көмек көрсету;
9) тұрғындармен отбасылық орналастырудың нысандарын дамыту жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
10) баланы отбасына қабылдауға тілек білдіруші азаматтарға кеңес беру және көмекке мұқтаж қабылдаушы отбасыларын қолдау;
11) отбасы қолайсыздығын ерте анықтау, баланы туған отбасында сақтап қалуда кешенді көмек көрсетуде мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен  өзара әрекет ету.

3. Орталықтың қызметін ұйымдастыру

15. Орталық арнаулы әлеуметтік қызметтерді келесі санаттағы балаларға көрсетеді:
1) денсаулығы мен дамуына қауіп төндіретін, қолайсыз отбасылық жағдайға түскен, ата-аналарымен, мұғалімдермен, құрбы-құрдастарымен жанжалды жағдайларды бастан кешкен балалар;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
16. Орталықта баланың (балалардың)  уақытша немесе тұрақты болуы отбасының (баланың) өмірдің қиын жағдайына тап болғанын растайтын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың,  қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қорытындысы негізінде облыстық білім басқармасының жолдамасымен жүзеге асырылады.
Көмек көрсетуге өз бетімен және ерікті түрде өтініш білдірген балалар мен олардың заңды өкілдеріне консультациялық көмек облыстық білім басқармасының жолдамасынсыз көрсетіледі.
17. Орталықта саны 15 адамнан аспайтын 3-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған  әртүрлі жастағы беске дейін топтар ұйымдастырылады. 
18. Орталыққа жіберілетін әрбір балаға:
1) білім басқармасының жолдамасы;
2) қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қорытындысы;
3)  Орталыққа орналастыру туралы ата-ананың (заңды өкілінің) өмірдің қиын жағдайына тап болу себептерін көрсете отырып жазған өтініші;
4) туу туралы куәлік (жеке куәлік)  (бар болғанда);
5) денсаулық жағдайы туралы медициналық құжаттар және екпелер (бар болғанда);
6) білімі туралы құжаттар (бар болғанда);
7) отбасының үй-тұрмысын тексеру актісі (бар болғанда) беріледі.
19. Заңды өкілдері болмаған жағдайда бала және оның ата-анасы (заңды өкілдері) туралы қолда бар мәліметтер көрсетілген қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қорытындысы қоса ұсынылады.
20. Өмірлік қиын жағдайға душар болған балалардың Орталықта болу мерзімі жүгінушілерде қалыптасқан  нақты мән-жайларға байланысты, алайда  алты айдан артық емес. 
21. Жетім баланың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың мәртебесі Орталыққа түскен сәттен бастап алты ай ішінде  белгіленген жағдайда баланы  тұрақты болуға қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының Үлгі ережесінің 12 тармасына сәйкес бекітілген құжаттар тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
22. Тәрбиеленушілердің Орталықта тұруын ұйымдастыру «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10275 тіркелді) сәйкес  қамтамасыз етіледі.
23. Тәрбие жұмысы  бекітілген жұмыс Жоспарына сәйкес тәрбиеленушілердің мүдделерін, бейімін және жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.
24. Орталық жанынан келесі бағыттар бойынша Қызметтер құрылады:
1. Өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен жұмыс бойынша қызмет келесідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды тәрбиелеу, күтіп-бағу және әлеуметтік оңалту үшін жағдай жасау;
2) өмірдің қиын жағдайына тап болған, отбасы мен балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет кешенін көрсету;
3) тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және сауықтыру, олардың уақыттылы білікті тегін медициналық көмекті алуы;
4) қосымша жалпы дамыту бағдарламаларды іске асыру;
5) өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларды сүйемелдеу және есепке алуды жүргізу;
6) "сенім телефоны" бойынша, соның ішінде шұғыл психологиялық көмек көрсету;
7) әлеуметтік оңалтудың жеке және топтық бағдарламаларын әзірлеу;
8) баланы отбасында сақтау үшін, педагогикалық қателіктер мен  балалар және жасөспірімдермен жанжалды жағдайларды отбасылық дауларды жеңуде, балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек көрсету;
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесін белгілеу кезінде құжаттарды жинау;
10) тұрғындармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді:
брошюралар, жәрдемақы және басқа да отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған олардың тіршілік әрекетіне қатысты әр түрлі мәселелерге арналған ақпараттық-насихат материалдарды әзірлейді;
2. Отбасына орналастыруға көмек көрсету және қабылдаушы отбасыларын қолдау қызметі мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) азаматтарға отбасына орналастыру және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардығ құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес беру;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан тәрбиеленушілерді отбасына тәрбиелеуге беруде психологиялық-педагогикалық дайындау.
3) отбасына орналастыру түрлерін дамыту бойынша ақпараттық кампанияларды өткізу;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге тілек білдірген азаматтарға кеңес беру;
5) қабылдаушы отбасына құқықтық кеңес беру, психологиялық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік көмек көрсету;
6) отбасына тәрбиелеуге берілген баладан бас тартудың алдын алу;
7) отбасындағы дағдарыстық жағдайлардың алдын-алу және отбасын нығайтуға жәрдемдесу;
3. Бітірушілерді постинтернаттық сүйемелдеу қызметі келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Орталықты бітірушілерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу;
2) тәрбиеленушілерді жеке кәсіптік оқыту мен жұмысқа орналастырудың жеке білім  бағыттарын әзірлеу;
3) түлектерге жеке сүйемелдеу мен қолдауды  ұйымдастыру;
4) білім алуына, еңбекке орналастыруға, қоғамда әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету;
5) Орталық түлектеріне кеңес беру, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету;

5. Орталықты басқару

25. Орталықты басқаруды білім беру ұйымдарының құрылтайшы тағайындаған директор жүзеге асырады.
26. Орталық директоры:
1) Орталық қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
2) Басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Орталық атынан әрекет етеді;
3) Орталықты басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық міндеттерді бөлуді белгілейді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және  Орталық жарғысында көзделген функцияларды атқарады.

Тізіміне оралу