Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы  18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы  Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына (Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 2 шілдедегі №8544 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген) мынадай өзгеріс пен  толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгілік қағидалалары» бекітілсін.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Е. Ерсайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі                                             Е. Сағадиев

Тізіміне оралу