Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

«Баланың құқықтарын қорғау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және
тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 708 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 832
бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
 
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 708 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 832 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 12844 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде:
1, 2, 4, 5, 6, 7-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне 3-қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Баланың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылау саласының тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға және  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі С.М. Жұманғаринге жүктелсiн. 
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі
 
_____________ Е. Сағадиев
 
 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі
 
_____________ Т. Сүлейменов
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы 
Бас прокуратурасының Құқықтық 
статистика және арнайы есепке алу 
жөніндегі комитетінің төрағасы 
2017 жылғы «___»___________
_______________ Б. Мусин 
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі 
2017 жылғы «___»___________  
________________ Е. Біртанов
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрі
2017 жылғы «___»___________                
_______________ Т.Дүйсенова

Тізіміне оралу