Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 412 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың
тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу
қағидаларын бекіту туралы»
 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 412 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде 2016 жылғы 9 қыркүйекте № 14223 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларында: 
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін белгілейді.»
мынадай мазмундағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Табиғи монополия салаларына жататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар Бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәніндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54-тармақтарында бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Конкурстық комиссия төрағасының орынбасары ұйым басшысының орынбасары не функционалдық міндеттемелерге сәйкес ұйымның бірінші басшысының міндеттемелері жүктелетін тұлға болып табылады.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Конверттерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және конверттер ашылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады.»;
мынадай мазмундағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
«39-1. Жинаған балл және ұсынған міндеттемелерді орындау шарттары тең болған кезде сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады. Бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.»;
44-тармақ мынадай мазмундағы бөліктермен толықтырылсын:
«Қайта өткізілген конкурс 43-тармақта көрсетілген жағдайларда өткізілмеді деп танылғанда конкурсты ұйымдастырушы қызмет көрсететін өнім берушіні немесе тауарларды жеткізушіні тарту туралы шешім қабылдайды.
Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54-тармақтарында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмундағы 55-1, 55-2, 55-3-тармақтармен толықтырылсын:
«55-1. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап:
1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;
2) конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады
55-2. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін жеткізу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерін жеткізу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда соманы енгізбесе конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
55-3. Осы Қағидалардың 55-2-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет.»;
мынадай мазмундағы 59-тармақпен толықтырылсын:
«59. Конкурсты ұйымдастырушы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерін жеткізушіге шарттың жалпы сомасынан үш пайызы мөлшеріндегі шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарт орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарады.»;
қағидаларға 2 қосымшада, Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама:
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшада:
реттік номері 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8 Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аумағында кәсіпкер ретінде тіркелуінің бар болуы 0 балл
2 балл
»;
мынадай мазмундағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе: 1-тармақ бойынша конкурстың мәні жөнінде тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 5-тармақ бойынша жабдықтарға құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну қажет.»;
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 6 қосымшада:
реттік номерң 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7 Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында кәсіпкер ретінде тіркелуінің бар болуы 0 балл
2 балл
».
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсiн. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі                                                                                                                                                   Е. Сағадиев
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі 
2017 жылғы «___»___________  
________________ Е. Біртанов
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрі
2017 жылғы «___»___________                
_______________ Т.Дүйсенова                  
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі
2017 жылғы «___»___________                
___________________ Б. Сұлтанов 


Тізіміне оралу