Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

 «Білім туралы» Қазақстан Республикасы  2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 43-бабы 3-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрдің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Осы бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – орта білім беру ұйымдары) білім алушыларға ақылы және тегін негізде тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді немесе тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.»;

75-тармақтын екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«75. Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың  69, 70, 71, 72 тармақтарының ұқсастығы бойынша жүзеге асырылады.»;

77-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«77. Білім беру ұйымдарының медициналық пунктің медицина қызметкері күн сайын  дайын тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді және Санитариялық қағидалармен бекітілген нысан бойынша бракераж журналына жазба енгізеді.» 

78-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«78.  Білім беру ұйымдарының медициналық пунктің медицина қызметкері асхана қызметкерлерінің медициналық тексеруден уақытылы өтуін бақылайды.»

 80-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 «80. Орта білім беру ұйымдарында ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің, білім беру ұйымдарының медициналық пунктің медицина қызметкерінің және басқа адамдардың  қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады. Орта білім беру ұйымының басшысы комиссия төрағасы болып табылады.»

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды  тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасында жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өнім беруші бракераж журналына нәтижелерін жазу арқылы дайындалған тағамдарды  тарату алдында күн сайын сынама алу бойынша білім беру ұйымдарының медициналық пунктің медицина қызметкерінің жұмысына жағдай жасайды.»;

жиырма төртінші абзацтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 414 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесінде (бұдан - ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 414 бұйрығы) тұрса.»;

жиырма төртінші абзацы келесі мазмұнда 4-тармақпен толықтырылсын:

«4) мемлекеттік кірістер органының мәліметтері негізінде айқындайтын бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болуы.»;

жиырма тоғызыншы абзацтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде, ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 414 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесінде тұрса.»;

жиырма тоғызыншы абзацты келесі мазмұнда 4-тармақпен толықтырылсын:

«4) мемлекеттік кірістер органының мәліметтері негізінде айқындайтын бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болуы.»;

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 4-қосымшасында:

1-тармағында:

«

Заңды тұлға «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма

 »;

жолын келесі редакцияда жазылсын:

«

Заңды тұлға «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде, ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 414 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесінде бар ма.

 »;

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшасында:

1-тармағында:

«

Жеке тұлға «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма

 »;

жолын келесі редакцияда жазылсын:

«

Жеке тұлға «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде, ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 414 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесінде бар ма.

 »;

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшасында:

11-реттік нөмірі жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай және басқалары) (кемінде 2 балл)»;

18-реттік нөмірі жолында «республикалық маңызы бар қаланың аумағында,» сөздерден кейін «астанада» сөзімен толықтырылсын;

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшасында:

6-реттік нөмірі жолы мынадай редакцияда жазылсын:

 «6. Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай және басқалары) (кемінде 2 балл)»;

9-реттік нөмірі жолында «республикалық маңызы бар қаланың аумағында» сөздерден кейін «астана» сөзімен толықтырылсын;

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшасында:

19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне, Тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесіне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе  іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында:

57-тармақтын екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54 тармақтарының ұқсастығы бойынша жүзеге асырылады.» ;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшасында:

бесінші абзацтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде, ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 414 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесінде тұрса.»;

бесінші абзацты келесі мазмұнда 4-тармақпен толықтырылсын:

«4) мемлекеттік кірістер органының мәліметтері негізінде айқындайтын бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болуы.»;

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшасында:

1-тармағында:

«

Заңды тұлға «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма

 »;

жолын келесі редакцияда жазылсын:

«

Заңды тұлға «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде, ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 414 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесінде бар ма.

 »;

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 4-қосымшасында:

1-тармағында:

«

Жеке тұлға «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма

 »;

жолын келесі редакцияда жазылсын:

«

Жеке тұлға «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде, ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 414 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесінде бар ма.

 »;

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшасында:

6-реттік нөмірі жолы мынадай редакцияда жазылсын:

 «6. Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай және басқалары) (кемінде 2 балл)»;

9-реттік нөмірі жолында «республикалық маңызы бар қаланың аумағында» сөздерден кейін «астана» сөзімен толықтырылсын;

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшасында:

19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне, Тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесіне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе  іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.»;

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының 6-қосымшасының 5-тармағы 3-тармақшасында орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілде өзгеріс жоқ.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4)  осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                                      Е. Сагадиев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі 

____________________Е. Биртанов

2017 жылғы «____» __________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

__________________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы «____» __________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі 

____________________Б. Сұлтанов

2017 жылғы «____» __________

Тізіміне оралу