Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы  26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.  Қоса беріліп отырған Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

2.  Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдайтын ата-аналарға беруге байланысты айсайынғы ақшалай төлем мөлшері он айлық есептік көрсеткішті

құрайтыны белгіленсін.

3.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С.Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның

электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсiн.

5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

                      Қазақстан Республикасының

                      Білім және ғылым министрі                                                                                                      Е. Сағадиев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының                         

Қаржы министрі                         

201_ жылғы «___»___________               

_______________ Б. Сұлтанов                 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

201_ жылғы №_____ «___»_________

бұйрығымен бекітілген

Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды,

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1.  Осы Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар)

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім

балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінетін ақшалай қаражатты төлеуді жүзеге асыру тәртiбiн.

2.  Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындауды және төлеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар (бұдан әрі – орган) жүргізеді.

3.  Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім баланы (балаларды), ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу жетім баланы

және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген әрбір балаға (балаларға) жүргізіледі. 

2. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды,

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру тәртiбi

4. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру үшiн баланы қабылдайтын ата-ананың біреуі тұрғылықты жерi бойынша органға:

1)   осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ақшалай қаражатты тағайындау туралы өтiнiшті;

2)   баланы қабылдайтын отбасына жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды беру туралы шартты;

3)   дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесін ұсынады.

5.   Орган баланы қабылдайтын ата-ананың балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты алу құқығын осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде

бес жұмыс күні ішінде тексереді.

Тексеру қорытындысы бойынша орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тіркеу журналына тіркелетін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылдайтын ата-аналарға балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешім шығарады.

Ақшалай қаражат қамқорлықтағы балалар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болған жағдайларда тағайындалмайды.

6.  Баланы қабылдайтын ата-аналарға ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешімнің негізінде орган ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешім қабылданған айдан бастап баланы қабылдайтын ата-аналарға ақшалай қаражатты төлеуді жүргізеді.

7.  Баланы қабылдайтын отбасындағы балаларға бөлінетін ақшалай қаражат осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген олардың төлемдерін мерзiмiнен бұрын тоқтатуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, қамқорлыққа алынушы, оның туған айын қоса алғанда, он сегіз жасқа толғанға дейiн, сондай-ақ күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде білім алатын он сегіз жастан жоғары тұлғалар оқу мекемесін аяқтағанға дейін, жоғары білім беру жүйесінде жиырма үш жастан аспайтын шекте болғанға дейін баланы қабылдайтын ата-аналарға тағайындалады және төленедi.

8.  Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген балаларды күтіп - бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты төлеу баланы қабылдайтын ата-аналар, орган және жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымы арасында жасалған жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың негізінде ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешім шыққан айдан бастап ай сайын ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

9.  Баланы қабылдайтын ата-аналарға балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты төлеу мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылады:

1)  қамқорлыққа алынушының кәмелетке толуы (күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде білім алатын он сегіз жастан асқан тұлғалар оқу мекемесін аяқтағанға дейін, жоғары білім беру жүйесінде жиырма үш жастан аспайтын шекте болуын есепке алмағанда);

2)  қамқорлыққа алынушы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеге толық мемлекеттік

қамтамасыз етуге орналасуы;

3)  қамқорлықтағы баланы асырап алу;

4)  қамқорлықтағы баланы өз ата-анасына қайтару;

5)  туыстарына беру;

6)  баланы қабылдайтын ата-аналардың өз мiндеттерiн атқарудан шеттетілуі;

7)  шарт мерзiмiнiң өтуi немесе оның мерзiмiнен бұрын бұзылуы.

10. Баланы қабылдайтын ата-аналарға балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты төлеуді тоқтату төлемдi тоқтатуға әкеп соқтырған мән-жайлар туындаған айдан кейiнгi айдан бастап

органның шешiмi бойынша жүргiзiледi.

11. Орган шешiм қабылданған күннен бастап үш күн мерзiмде баланы қабылдайтын ата-аналарды ақшалай қаражатты төлеудiң тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

12. Органның кiнәсiнен баланы қабылдайтын ата-аналар уақтылы алмаған ақшалай қаражатты органға өтініш түскен күннен бастап барлық өткен кезең үшiн төленедi.

13. Баланы қабылдайтын отбасындағы балаларға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу жөніндегі құжаттар органда қамқорлыққа алынушылардың жеке істерінде сақталады.

14. Баланы қабылдайтын ата-аналар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес балаларды күтіп-бағуға бөлінген қаражаттың жұмсалуы бойынша есепті органға алты айда бір рет ұсынады.

15. Орган баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражаттың жұмсалуын бақылауды жарты жылда  1 реттен сиретпей жүргізеді.

Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды,

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды

қаржыландыру қағидаларына

1-қосымша  нысан

                                                      Өтініш

_________________________________________________________________

                                               (орган атауы)

Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындауды сұраймын

______________________________________________________________
           (баланың тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Баланы қабылдайтын ата-ананың тегі_________________________

Аты _________________Әкесiнiң аты (бар болғанда)_________________

Мекенжайы __________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі_________________________

Серия _______ нөмір ___________________________________ берілген

Жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________________

Дербес шотының № ______________ банктің атауы__________________

Жеке мәліметтерде өзгерістер болған жағдайда 15 күн ішінде ол туралы хабардар етуге міндеттенемін.

Жалған мәлімет пен жасанды құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілді.

 «___» _____________ 20 ___жыл ___________________
                                                            (өтініш берушінің қолы)

Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешім
_____________________

20 ___жылғы «__» ______  .

Құжаттар: 20 __  жылғы «___» ______ қабылданды

____________ __________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда),

 _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                       (қию сызығы)

Жеке деректерде өзгеріс болған жағдайда 15 күн ішінде ол туралы хабардар етуге міндеттенемін.

Жалған мәлімет пен жасанды құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілді

Азамат _______________________өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен бірге ________ 20___ жылғы «____»_________ қабылданды.

______________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы)

Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды,

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды

қаржыландыру қағидаларына

2-қосымша

Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген балаларды

күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешім

20 ___ жылғы «___» ___________                            № ________

________________________________________________________________

                               (орган атауы)      

Iстiң № ___________

Азамат_________________________________________________________

                      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Өтiнiш берiлген күн______________________________________________

Баланың туу туралы куәлiгi (туу туралы актiнің жазбасы)

Берiлген күнi _______________________ №_____________________

Баланың туу туралы куәлiгiн (баланың тууы туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы
__________________________________________________

Баланың Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Баланың туған күні ______________________________________________

Баланы баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт
______________________________________________________________________

жасалған күні 20__ ж. _________________

Тағайындалған ақша қаражатының сомасы

20__ ж. __________ бастап 20__ ж.________аралығында __________ АЕК

                                                                                                  (жазумен)

_____________себебі бойынша ақша қаражатының төленуі тоқтатылды

М.О.

           (Орган басшысы)        (қолы)           (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды,

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды

қаржыландыру қағидаларына

3-қосымша

Балаларды қабылдайтын ата-аналарға балаларды күтіп-бағуға бөлінетін

ақша қаражатын тағайындау туралы шешімдерді тіркеу журналы

Баланың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Баланы қабылдайтын ата-ананың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Баланы қабылдайтын ата-аналарға балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы өтінішті беру күні

Баланы қабылдайтын ата-аналарға балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешімді қабылдау күні

Баланы қабылдайтын ата-аналарға балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешімді берген күні

Алу туралы қолхат

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды,

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды

қаржыландыру қағидаларына 4-қосымша

___________________________________________________________________

               (баланың тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

                          бөлінген қаражатты жұмсау туралы есеп

Баланы қабылдайтын ата-ананың Т.А.Ә (бар болған жағдайда) _____________________________

Кезең ______________________________________________________

табыс түрі

тағайындалған сома (ай сайын)

шығыстары

қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағуға берілетін жәрдемақы

Х

тамақ өнімдерін сатып алу

Х

киім-кешек, аяқ киім сатып алу

Х

басқа да шығыстар (қандай екендігін белгілеу)

Х

Күні                                          ________________________

                                                               қолы

Тізіміне оралу