Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Электрондық кiтапхана

Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы әңгіме

Бұрыс тамақтанудың таралуының негізгі себептері оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың салауатты тамақтану туралы қазіргі кездегі нұсқаулық ақпараттан жеткіліксіз хабардар болуында жатыр. Кітапта оқушылардың салауатты тамақтануы туралы ғылыми негізделген нұсқаулар келтірілген. Салалуатты тамақтану қалыпты өсу мен дамудың, денсаулықты сақтау және созылмалы аурулар туындау қауіпін төмендетудің негізі болып табылады. Ол сонымен қатар қалыпты физикалық және ақыл-ойдың еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз етуге, оқуға мүмкіншіліктерді және мектептегі үлгерімін жақсартуға қажет.

Бұл нұсқаулар ғылыми мәліметтерге негізделген және іс жүзіндегі тәжірибемен дәлелденген. Олар адам денсаулығын сақтау үшін аса қажет салауатты тамақтану мен кейбір тағамдық заттардың маңыздылығы туралы қазіргі таңдағы жинақталынған білімді анализдеу мен синтездеу арқылы жасалынды.

Әрбір кеңестік нұсқау кітаптің жекеше бөлімдерінде жеткілікті көлемде келтірілген. Дегенмен, кейбір нұсқаулармен шектелмей, оларды біртұтас ұғым ретінде қабылдаған дұрыс. Егер аталған нұсқауларды ұстанып және оған сәйкес физикалық белсенділік танытқан жағдайда, денсаулықты айтарлықтай нығайтып, еңбекке қабілеттілікті көтеріп, оқуға үлгірімді жақсартып және де түрлі аурулардың алдын алу әбден мүмкін.

Кітап оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға арналған.

Қолданбаны жүктеңіз (kaz.razgovor.o_zdorov.pitan.shuoln..pdf - 1.64Мб)
Тізіміне оралу