Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Электрондық кiтапхана

Девиантты мінез-құлықты оқушылармен жұмыстың негізгі бағыттары

Оқырмандар назарына ұсынылып отырған "Девинаттық мінез-құлықтық оқушылармен жұмыстың негізгі бағыттары" атты әдістемелік құрал жалпы білім беретін мекемелердегі девианттық мінез-құлықтағы балалармен жұмыс істеу әдісіне арналған.
Әдістемелік құралда кіші, орта және жоғары топтағы оқушылардың мінез-құлық ауытқуының негізгі формалары және жас ерекшелігіне қарай дамуы көрсетілген. Мінез-құлық ауытқуының бес деңгейлік критерийі келтірілген; І-алғашқы, ІІ-баукеспелік - қылмыстық емес, ІІІ-бей әлеуметтік, IY-қылмыс алды, Y-баукеспелік-қылмыстық.

Құралда девианттылықты шешу проблемаларының әлемдік тұжырымдамалары берілген және мінез-құлқы ауытқыған балалармен жұмыстың тиімді мысалдары берілген және олардың өз еліндегі және шет елдегі қоршаған ортасы көрсетілген.

Құралда түрлі жастағы балалармен жұмыста қолданылатын психологтарға көмек ретінде диагностика негіздері, девиацияның ұсыныстар түріндегі формасы және әлеуметтік-психологиялық тренингтер келтірілген. Құралдағы материалдар балалармен жұмыс істейтін білім беру жүйесі өкілдеріне, соның ішінде алдымен барлық педагогтарға, психологтарға, әлеуметтік педагогтарға, мектеп инспекторларына, әлеуметтік қызметкерлерге, сонымен қатар қоғамдық ұйымдарың қызметкерлеріне пайдалы.

Тізіміне оралу