Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Бос орындар

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

С-О-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда,  облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу органдарының басшылық лауазымдарында, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.**

* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154 071

208 205

С-4

138 248

186 551

С-О-1

182 387

246 515

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-22-50, 74-23-78, электрондық мекенжай: a.mahina@edu.gov.kz(link sends e-mail), бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Қаржы және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, С-3 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Басқарманы басқару, басқарманың қызметін ұйымдастыру және жоспарлау; қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болу, басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) нормаларының сақталуын бақылау; басқарманың негізгі міндеттерін уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Комитеттің және аумақтық органдардың қаржы-шаруашылық қызметінің есебін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру; қаржыландыру жоспарының орындалуы жөніндегі жинақталған бухгалтерлік есеп дайындау; бухгалтерлік есеп деректері бойынша Комитет пен аумақтық органдардың қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу; мемлекеттік сатып алуларға қатысу, Комитетте тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнаманың сақталуына бақылау жасау; Комитет пен аумақтық органдардың бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жоспарлау және орындау жұмыстарын ұйымдастыру; тауарлар және қызмет, жұмыстардың орындалу мерзімі мен аумақтық органдардың ұсыныстарын ескере отырып төлемдер бойынша жылдық соманы айларға бөлу; аумақтық органдардың резервіндегі айлар бойынша міндеттемелерді қабылдау мерзімін есептегенде, экономикалық топтастыру ерекшелік резервіндегі міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының жобасын дайындау; Комитеттің қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; статистикалық және бухгалтерлік есептіліктердің уақытында тапсырылуын бақылау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының актілері мен тапсырмаларының, Министрлік пен Комиттеттің жыл сайынғы іс-әрекет жоспарының тармақтарын белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуына бақылау; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» (Құқықтану) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Әлемдік экономика) мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

2. Құқықтық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу; белгіленген тәртіппен Комитетке келісуге келген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау; Комитет Төрағасы бұйрықтарының жобаларын қарау және келісу; Комитет қызметі жайлы құқықтық мәселелерін қарастыру кезінде белгіленген тәртіпте Комитеттің мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда қорғау; Комитеттің өңірлік органдары мен құрылымдық бөлімшелеріне құқықтық көмек көрсету; тиісті сот талқылауына әкеліп соққан Комитеттің қатысуымен болған даулардың негізгі себептері мен шарттарын анықтау мақсатында қудалау жұмыстарының, сот тәжірибесінің жай-күйін талқылау, оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізу, заңмен қарастырылған негіздемелер болған жағдайда, Комитет пайдасына шешілмеген сот актілеріне шағымдану шараларын қабылдау үшін  барлық сот инстанцияларына, сонымен бірге заңда көрсетілген тәртіппен прокуратура органдарына қарсылық көрсетіп жүгінеді;  заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету; құзыреті шегінде   нормативтік құқықтық актілер мониторингін өткізу; құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік органдарға есептер мен ақпараттарды уақытында дайындау және ұсыну; Комитет басшыларының бақылаудағы тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; Комитетте құқықтық  жалпы оқытуды ұйымдастыру;  Комитет туралы және аумақтық органдар туралы ережелерін дайындау; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» (Құқықтану, Халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары білім.

3. Әкімшілік және талдамалық жұмыс басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 02.09.2019ж. дейін), С-4 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы білімнің стратегиялық дамуын жоспарлау бойынша ұсыныстарды қалыптастыру; білім саласындағы стратегиялық жоспарларды және Қазақстан Республикасындағы білімнің дамуының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысын талдау және негізгі жоспарлық іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша шара қолдану; Комитет пен оның аумақтық органдарының қызметі туралы жинақтық статистикалық есептерді жинау, өңдеу, талдау және ұсыныс жасау; Қазақстан Республикасының білімді бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларына ұсыныстар беруге қатысу және стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындау; Комитет қызметі бойынша есеп дайындау; білім мен ғылымды бақылау саласындағы болжау мен даму мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау; Комитет қызметі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу; Комитеттің интернет-ресурсын, Комитет төрағасының Блогын қолдау қызметтерін үйлестіру; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау;  Комитеттегі орындаушылық тәртіпке бақылауды қамтамасыз ету; түскен құжаттардың, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының және азаматтардың өтініштерінің орындалуы бойынша тиісті мәліметтерді әзірлеу; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» (Құқықтану, Халықаралық құқық) немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (Тарих, Аударма ісі, Халықаралық қатынастар) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (Әлеуметтану, Саясаттану, Психология, Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Әлемдік экономика, Қоғамдық байланыс, Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе «Жаратылыстану ғылымдары» (Математика, Информатика, Физика, Химия, Биология) немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (Биотехнология, Тау-кен ісі, Стандарттау, сертификаттау және метрология, Металлургия, Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы) немесе «Өнер» (Дизайн) мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

4. Білім саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2019 жылдың 26 маусымына дейін), С-4 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттардың жобасын дайындау және жетілдіру; талдамалық материалдарды, есептерді дайындау; жетекшілік ететін мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу; бақылау субъектісіне (объектісіне) бару (бармай) арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімін дайындауға қатысу; білім беру ұйымдарымен  Қазақстан Республикасының білім туралы және лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі шараларды әзірлеу;  басқарма жоспарын және оның қызметі туралы есептердің дайындауына қатысу; басқарма жұмысына қажетті білім беру ұйымдарының қызметі туралы тиісті құжаттарын жинау; мемлекеттік бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша Комитет бұйрықтары мен қаулы жобаларын дайындау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру; білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою жөнінде нұсқаманы беру; әкімшілік істерді соттарға дайындап жіберу; сот процестеріне қатысу; білім саласындағы мемлекеттік бақылау жүзеге асыру және жетілдіру мәселелері бойынша аумақтық органдармен өзара әрекеттесу және олардың қызметін үйлестіру; басқарманың құзыреті шегінде басқарманың негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды даярлау; басқарманың құзыреті шегінде ҚР білім мен ғылымды бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға қатысу және стратегиялық  жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындау; аумақтық органдардың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша семинарларды, жиналыстарды және басқа да шараларды ұйымдастыру мен өткізу; Комитеттің аумақтық органдар қызметін жетілдіру және жетекшілік ететін мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; негізгі мәселелердің шешімі бойынша тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; басқармада іс жүргізумен айналысу; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» (Құқықтану, Халықаралық құқық) немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (Тарих, Аударма ісі, Халықаралық қатынастар) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (Әлеуметтану, Психология, Экономика, Менеджмент, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «Жаратылыстану ғылымдары» (Математика, Информатика, Физика, Химия, Биология) немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы) немесе «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» немесе «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

5. Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы,
С-О-1 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Білім саласындағы бақылау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) қызметіне басшылық ету; қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болу, Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) нормаларының сақталуын бақылау; Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің қызметтерін атқаруына жеке жауапты болу; Қазақстан Республикасы заңнамасының, білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттардың орындалуына мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру; өңірде оқу-тәрбие үрдісінің сапасына мониторинг жүргізу және талдау жұмыстарын үйлестіру; білімнің сапасына мониторинг жүргізу және талдаудың негізінде оқытудың мазмұны мен технологияларын жетілдіру; білімнің сапасын сырттай бағалау рәсімін ұйымдастыру және жүргізу; жергілікті атқарушы органдармен білім саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асыру заңдылығының сақталуын бақылау; оқулықтармен қамтамасыз етілуіне, апатты және үш ауысымды мектептерге мониторинг жүргізу; Департамент қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін анықтау; мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес Департамент басшысының орынбасарын қоспағанда Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындау және лауазымынан босату, Департамент қызметкерлерін мадақтау, сондай-ақ тәртіптік жаза қолдану; Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені бекіту; Департамент құзыретіне жататын мемлекеттік және мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; қаражаттың пайдалануына ішкі бақылауды ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша Департаменттің қызметін үйлестіру; Департаменттің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы бақылау; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» (Құқықтану) немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (Тарих, Аударма ісі, Халықаралық қатынастар) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (Әлеуметтану, Саясаттану, Психология, Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «Жаратылыстану ғылымдары» (Математика, Информатика, Физика, Химия, Биология) немесе «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz(link is external)

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

Өтініш

Мені__________________________________________________________________
______________________________________________________________________
_______________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________
__________________________________________________________________

__________                                             ____________________________________
(қолы)                                                                        (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ж.

Тізіміне оралу