Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Бос орындар

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, каб. 403, анықтама үшін телефоны: 8 (7112) 51-05-28, 50-94-51, электронды мекенжай: educontrol.zko@mail.ru(link sends e-mail), «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы,  С-О-5 санаты, 1 бірлікиндекс 02-2

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83353 (min) теңгеден 112376 (max) теңгеге дейін

Фунционалдық міндеттері:заңды тұлғаларға білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды беру немесе қайта ресімдеу рәсіміне қатысу;рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу; «Е-лицензиалау» электрондық база арқылы заңды тұлғаларға білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды беру немесе қайта ресімдеу рәсімдерін жүргізу; заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынылған құжаттарын сараптамадан өткізу;  лицензияларды және (немесе) қосымшаларды беру, қайта ресімдеу немесе дәлелді бас тарту бойынша Департаменттің бұйрықтарының жобаларын дайындау; рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізу; білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзышылық туралы хаттамалар толтыру, істерді қозғау және сот органдарына беру, сот процесстеріне қатысу; тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актінің құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштерін қарау; меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу; білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; білім беру ұйымдарына білім беру процесін құру бойынша әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының білім саласындағы құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру бойынша ұсыныстар енгізу; Департаментке жүктелген міндетін атқару мақсатында басқа мемлекеттік органдардан, аймақтық ұйымдардан қажетті ақпараттар мен мәліметтерді сұрау және алу; оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; Департамент құзыретіне жататын мәселелерді орындау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, жеке ғалымдарды, ұстаздарды, мамандар мен сарапшыларды белгіленген тәртіппен тарту мектептердегі байқау кеңестеріне, сондай–ақ аумақтық органдардың мектептердегі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, балалар үйінің жанындағы қамқоршылық кеңестерге байқаушы ретінде қатысу;өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамаларды беру;мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша департаменттің қаулылары мен бұйрықтарының жобаларын дайындауға қатысу;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;Департамент және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» және «Құқық» (құқықтану)  мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; Құжаттарды қабылдау мерзімі-3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  1. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1,  403бөлмеде, Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінде өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________  

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Тізіміне оралу