Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Басшылық

Мәншүк Саметқызы Әбдікәрім

Төраға орынбасары

Мәншүк Сәметқызы Әбдікәрім 1962 жылы 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1983 жылы Жезказған педагогикалық институтының филология факультетін «орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі және тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері» біліктілігі, 2008 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «құқықтану» біліктілігі бойынша тәмамдаған.
 
Алғаш еңбек жолын 1983 жылы Көкшетау облысы Новогорной орта мектебінің орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі болып бастады.
 
1985 -1994 жылдары аралығында нұсқаушы, аудандық ЛКЖО хатшысы, оқушы жастар бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, облыстық ЛКЖО комитетінің 2 хатшысы қызметін атқарған.
 
1994-1997 жылдары аралығында – Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің жетекші маманы.
 
1997-1999 жылдары аралығында – «Қорған» қоғамдық балалар қорының маманы, бас маманы.
 
1999-2006 жылдары Қазақстан Республикасы спорт және білім, денсаулық сақтау министрілігі әкімшілік департаментінің басқармаларында бас маман, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі орта білім департаментінің тәрбие жұмысы және интернат мекемелері басқармасының бас маманы.
 
2006-2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балаларға көмек және қамқорлық көрсету басқармасының бастығы.
 
2010-2014 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірінші басшысының көмекшісі
 
2014 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2001,2006 ж.) «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2010ж.), «Ерен еңбегі үшін» (2012ж.) төс белгілерімен марапатталды

Тізіміне оралу